Ақылбек Жапаров: Қытайдан Өзбекстан арқылы темір жол салу аймақтағы транзит мәселесін шешеді

Қырғыз үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров бұл жөнінде 27 сәуірде Ташкентте өткен инвестициялық форумда мәлімдеді.

«Қытай- Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолының құрылысы біздің аймақтағы транзит дағдарысын шешеді. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы төрт млрд халықты біріктіріп, Азиядан Түркия арқылы Еуропаға, Таяу шығыс, Иран және Парсы шығанағы елдері мен Солтүстік Африкаға жүк тасымалдау географиясын кеңейтеді», — деді Жапаров.

2022 жылы Өзбекстан, Қытай және Қырғызстан елдері арасында 280 шақырымды құрайтын темір жолдың бағыты бойынша келісімге келген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий