Ажырасқан әйелдер. Фото: WORLD PAPARAZZI
Хайдарабадтағы екі мұсылман әйел АҚШ-тағы күйеулерімен WhatsApp арқылы ажырасты. АҚШ-та тұратын Хусаини әйеліне WhatsApp мессенджерімен үш рет талақ айтып қоя берген. Бұған разы болмаған әйелдері полицияға жүгінеді. Осылайша мобильді чат арқылы айырылысуды жөн санаған мұсылман ағайынды әлемдік мұсылман қауымының сынына ұшырады.
Айта кетерлігі, бірнеше апта бұрын күйеуі Сайед Файязуддин Хуссейннен ажырасу туралы хабарлама алған Хена Фатима онымен 2013 жылы некесін қиған болатын. Төрт жылдан кейін күйеуі талақ айтылған хабарлама жіберіп, көп ұзамай ажырасу туралы құжаттарды да жолдаған.
Сайедтің бауыры Мохаммад Абдул да әйелі Мехринге WhatsApp арқылы талақ айтқан. Күйеусіз қалған Мехрин мен Хена балаларын аяқтан тұрғызуда бұрынғы күйеулерінің көмек көрсетуін талап етуде. Олар күйеулерін қасиетті некені ойыншыққа айналдырды деп айыптап отыр.