АҚШ Энергетика министрлігі: 2020 жылы мұнай бағасы $80 болады

Мұнай бағасы 2016 жылы төмен деңгейде сақталады, алайда 2020 жылы мұнай баррелінің бағасы 80 долларға дейін көтеріледі.

Бұндай болжамды АҚШ Энергетика министрлігі энергетика жөніндегі ақпараттар басқармасының (EIA) бас директоры айтты, деп хабарлайды Reuters-ке сілтемемен Gazeta.ru.

«Биыл баға бұрынғыдай төменгі деңгейде болады деп болжам отырмыз, ал 2017 жылдың ортасынан бастап өсе бастамақ. 2020 жылы мұнай баррелінің бағасы 80 долларға дейін көтеріледі», — деді ол.

Ол сондай-ақ АҚШ ОПЕК-ке мүше емес елдерде мұнай өндіру бойынша әлі де көш бастап тұрғанын атап өтті.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий