АҚШ Ираннан барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етеді

Ақ үй Иран билігінен жаппай наразылық акциясы кезінде ұсталған адамдарды босатуды талап етті. Сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың жариялаған мәлімдемесінде а Вашингтон қамауға алынған мыңдаған адамның тағдырына алаңдайды делінген.

Иран билігі наразылық акциясы кезінде ұсталғандар саны жүздеген, олардың дені босатылды деп мәлімдеген. Алайда тәуелсіз дереккөздердің есебі бойынша, мыңдаған адам ұсталған. Полициямен қақтығыс кезінде 20 адам қаза тапқан.

Иранда үкіметке қарсы жаппай ереуіл желтоқсан айында басталды. Бір аптадан кейін наразылық шаралары біртіндеп азая бастады.

Дональд Трамп әкімшілігі осы аптада «Тегеранмен ядролық келісім» үшін енгізілген санкцияларды күшінде қалдыру керек пе, әлде санкцияны алып тастап, «Иран ядролық бағдарламасы» бойынша келісім жүргізу керек пе деген мәселеде бір шешімге келуі тиіс.

centralasian.org

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий