АҚШ-та найзағай соққан жолаушылар ұшағы шұғыл қонды

Қолайсыз ауа райына тап келген лайнердің экипажы әуе көлігін жерге сәтті қондырды.


 

 

American Airlines компаниясының 70 жолаушысы мінген ұшағы Джон Кеннеди (JFK) әуежайына шұғыл қонды. Бастапқыда Роли-Дорем әуежайынан әуеге көтерілген лайнер әуелі турбуленттілік аймағына тап келіп, артынша ұшаққа найзағай соққан, деп хабарлайды 24.kz арнасы, твиттерде AIRLIVE сілтеме жасап.

 

Найзағай ұшаққа соққан кезде жолаушылар жарылысқа ұқсас дыбысты естіп, зәрелері ұшқан. Қолайсыз ауа райына тап келген лайнердің экипажы әуе көлігін жерге сәтті қондырды.

 

Г.Абилова

 

Фото:mommypoints.boardingarea.com

 

 

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий