АҚШ-та үш жасар бала тапаншамен ойнап отырып, анасының басынан атып жіберді

АҚШ-та үш жасар бала тапаншамен ойнап отырып, өзінің анасының басынан атып жіберді.

Бұл туралы New York Daily News газетінің мәліметіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Оқиға Мичиган штатының Бэйлис Грув деген елді мекенінде орын алған. Мылтықтың атылғаны туралы шақыру алған полицейлер жеткен кезде 28 жастағы әйелді бассүйегінің артқы жағынан жарақат алып жатқан қалпында көреді. Зардап шегуші сол бойда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуларынша, пациент өміріне қауіп төнетіндей жарақат ала қоймаған екен.

Құрама Штаттарда кішкентай балалардың отты қарумен абайсызда кісі өлтіріп алу немесе әлдекімге жарақат салу оқиғалары өте жиі кездесіп тұрады. Бұған ел тұрғындарына қару-жарақтың қалай болса солай сатыла беретіндігінде болса керек. Қазіргі таңда мұхиттың арғы жағындағы «демократиялы» алпауыт мемлекетте 270-тен 300 миллионға дейінгі мөлшердегі әртүрлі ату құралдары жергілікті азаматтар қолдарында жүр. Мұның өзі АҚШ-та шамамен әр адамда бір қарудың бар екенін көрсетеді.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий