Ақсуда дүкен өртеніп, 30 адам құтқарылды

Құтқарылған 30 адамның оны — бала.

Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында дүкен өртеніп, салдарынан 30 адам құтқарылды, оның ішінде оны — бала, — деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлағандай, Астана көшесі, 3 мекенжайындағы дүкен төрт қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан.
— Түнгі 1:56 кезінде орын алған өрт таңғы 4:00 шамасында толық сөндірілді. Дүкенде пластикалық терезе, тоңазытқыш, ағаш сөрелер, азық-түлік өртке оранып, ұялы телефон бутигі толығымен жанып кетті. 50 шаршы метрге дейін жайылған қызыл жалынды сөндіру үшін жеке құрамнан бес адам және үш техника жұмылдырылды. Құтқарылған 30 адамның оны — бала.
Айта кетейік, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий