Ақтөбе әкімі: Үйдің қасында шайтанның суреті ілінсе де үндемей отырамыз ба?

Ілияс Испанов. Фото: nur.kz

Бүгін Ақтөбе қаласының əкімі Ілияc Испанов журналистерге баспасөз мəслихатын өткізді. Сөзін «білімді, ақылды журналистерге алғыс айтамын» деп бастаған қала əкімі Ақтөбеден ақылды халық тұратын қала жасау үшін жұмыс жасап жатқанын айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдерінің əкімге алғашқы сұрағы əлеуметтік желіде дау болған Мұстафа Шоқайдың суретіне қатысты болды.

«Мұстафа Шоқай — алаш азаматы, беделді азамат. Өткен жылы ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты көшелерге ат берілді. Мұстафа Шоқайдың суретінің ілінгенін біз білеміз, салғанын көрдік. Суретті салудың тəртібі бар. Рұқсат алып салу керек. Салынған сурет жаңбырдан кейін зақымданған. Суретке қосымша құжаттар дайындауға дайын едік. Суреттің өлшеміне де байланысты»,- деген қала əкімі Ілия Испанов Мұстафа Шоқайды танитынын да айтты.

«Мен Мұстафаны азамат ретінде мектепте оқығаннан білемін. Мен ғана емес, мемлекет те біледі. Қалаған адам өзінің туысын, қалаған нəрсесін салса не боламыз?!», — деді Ілияс Испанов.

Үнемі ұйықтап қалып желіні шулатып жүрген қала əкімі əр нəрседен жамандық іздемеуді сұрады.

«Ол сурет Мұстафа Шоқайдыкы болғаны үшін өшірілген жоқ. Ол жерде басқа сурет болатын болса, ол да өшірілетін еді. Себебі, оның келісетін жерлері бар. Үйдің қасына шайтанның суретін салып қойса, үндемей отыра береміз бе? Сондықтан астарын іздемеңіздер», — деді Испанов.

 

Ақтөбе әкімдігі үйдің сыртына салынған Мұстафа Шоқайдың суретін өшіріп тастады

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий