Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғыны Маржан Сарина ауру қызымен құлағалы тұрған үйде тұрып жатыр. Қыздарының жәрдемақысына қарап отырған келіншек кейде жейтін тамақ таба алмай қалатын күндерінің болатынын айтады.
Құлағалы тұрған сарайды ол 15 жылдан бері баспана қылып отыр деп хабарлайды aktobenews.kz.
«Үш қызым бар. Екеуі Жайсаңдағы колледжде оқиды. Олар екінші жолдасымның қыздары. Бірінші жолдасымнан туған үлкен қызымның ақыл-есінде кемшілік бар. Өзін өзі ұрып, бетін көгертіп қояды. «Отыр», «тұр» дегенді түсінеді. Бұл қызды үкіметке тапсыр дейді, қалай тапсырамын? Оның құжаты да жоқ, мектепке барғаннан кейін жоғалтып алғанбыз. Үйде екеуміз ғана тұғамыз»,— дейді Маржан Сарина.
Аядай ғана екі бөлмелі үйде қолға ілегір дүние жоқ. Қирап тұрған үстел, аяғы сынып қалған темір кереует — үйдегі жиһаздың сиқы. Оның өзі көшеден тауып алып, үйге кіргізіп қойған заттар екен.
«Басында маған әкімшіліктегілер үй береміз деді. Бірақ ол әкім көшіп кетті де, уәдесі сөз күйінде қалды. Жағдайым қиын болған соң мешітке барып көмек сұрадым. Үш баламды мешітке ертіп апарып, жағдайымның қиын екенін айттым. Мешітке келетін балалар үйімдегі құлап тұрған жерлерді дұрыстап, теледидар әкеп берді», — дейді жалғызбасты әйел.
Маржан күйеуінің қайтыс болғанын айтады.
«Мешітке жылап, көмек сұрап келгеннен кейін үйіне бардық. Үйінің көргенде шошып кеттік. Ішінің бәрі сынған ағаш пен қоқысқа толы. Бірнеше адам болып келіп, қоқысты шығарып, үйді әктеп бердік. Аздап тазалаған болдық. Үйден азық-түлігімізді әкеліп беріп, барымызша көмектестік. Бірақ бұл отбасына мемлекет тарапынан қолдау керек», — дейді Абай есімді тұрғын.
Ауылдың намазхан жігіттері әйелді қамқорлығына алып, қолдан келгенше көмек көрсеткен. Қандай да көмекке мұқтаж отбасыға жәрдем беремін деушілер болса, мына телефонға хабарласа алады.
8771 225 80 41, 8777 193 23 44 Маржан Сарина.