Ақтөбе тұрғыны Путинді фашист деп атағаны үшін сотталып жатыр

Владимир Путин. Фото: Риа Новости

46 жастағы Санат Досов Facebook әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путиннің саясатына қатысты теріс пікір білдіріп отырған. Сол үшін оны әлеуметтік араздықты қоздырды деп айыптап жатыр.

Бұл туралы Керек-инфо хабарлайды.

Ақтөбе қалалық №2 сотында процесс 29 қарашада басталды. Құзырлы органдар Санат Досовты өткен жылдың соңынан бастап бақылаған. Ол Ресей Федерациясы президенті жайлы ақпараттарды өз парақшасында тұрақты түрде жариялаған. Сондай-ақ, ол президенттің жеке басына тіл тигізіп, оның саясаты туралы пікір білдірген.

Санат Досовтың өзі Владимир Путинді қорлайтындай ойы да болмағанын айтты. Алайда адвокаттың айтуынша, ол жазбаларды жариялағанын бірен-саран мойындаған. Ал қалған жазбаларды ол емес, хакерлер жазып қойған деп ақталған.

Сот процесіне ҰҚК-нің Ақтөбе облысы департаменті қызметкері куәгерлік етті. Оның айтуынша, Санат Досов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына “Путин фашист” деп жазып қойған.

Сот жалғасуда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий