Ақтөбеде байлардың суға кеткен қымбат коттеджін студенттер күзетуі мүмкін

Әкімдіктегі жиын. Фото: nur.kz

Кеше Ақтөбе қалалық əкімдігінде су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған жиын өтті. Қала əкімінің орынбасары Лəззат Аманжолқызы мұқтаж отбасыларға арналған арнайы қордың ашылатындығын хабарлап, барлық көмекті жүйелеу керектігін көтерді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көмек көрсету қоры арқылы мұқтаж жандарға жиналған қаржы арнайы комиссиямен бөлінетін болады.

Жалғыз баспанасынан айырылып, шарасыз қалған халыққа көмектесу қажеттілігі туралы айтылған жиында су астында қалған қымбат коттедждер үшін де алаңдайтындар табылды. Ауқатты адамдардың зəулім сарайлары, жазда демалу үшін салынған коттедждерді ұрылардан қорғау үшін студенттерді көтеру керек дегендер болды.

«Барлығы дұрыс. Қазір Кірпішті ауданындағы жақсы жағдайда салынған үйлер суға кетіп жатыр. Соларды біздер қорғауымыз керек. Жығылғанға жұдырық деген бар. Ертең сол үйлерді тонау басталады. Осыдан сақ болайық. Бəріміз жабылып, студенттерді көтеруіміз керек«,- деді өзін ІІД-нің ардагерлер кеңесінің төрағасымын деп таныстырған ақсақал.

Əкімдікке жиналғандар ұсыныстың дұрыс екенін айтып, қолдау көрсетті.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий