Ақтөбеде өзіне қол жұмсауға бейім адамдарды мектеп жасынан анықтау жұмыстары қолға алынды

100 мың адамға шаққанда 28 адам суицид жасауға бейім.

Ақтөбелік зерттеушілер 100 мың адамның 28-і суицидке бейім екенін анықтады. Ғылыми жоба авторы Жанна Қадырова өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдарды мектеп жасынан анықтау жұмыстарын қолға алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Ақтөбелік ғалымдар ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру жұмыстарын қолға алған. Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсаумен күрес жолдары зерттеліп жатыр. Психолог әрі дағдарыс кезіндегі және өз-өзіне қол жұмсау жағдайындағы компьютерлік диагностика саласын зерттеп жүрген Жанна Қадырова өңір тұрғындарының көрсеткіші алаңдататынын айтып отыр.
Себебі, 100 мың адамға шаққанда 28 адам суицид жасауға бейім. Ал бұл көрсеткіш 20-дан аспауы тиіс. Өз-өзіне қол жұмсау, себебі мен әлсіз топты анықтауды мектептен бастау керек деп санайтын психолог зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
«Qala» жобасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жаңа жоба әзірленді. Кез келген қала тұрғыны өз шағымын жазып, оның шешу жолдарын біле алады. Арнайы жүйе арқылы қаланың инфрақұрылымдық картасы да айқындалады», — деді Жас ғалымдар кеңесінің жетекшісі Жайық Сұлтан.
Фото: aktobenews.kz
Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий