Ақтөбедегі мұнай ұрлығын басқарған қылмыс әлемінің серкесі туралы не білеміз?

Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауытынан қара алтынды ұрлауға қатысты арнайы операция кезінде қылмыс әлемінің серкесі Еркін Ізбасаровтың тікелей қатысы бары анықталған болатын.

Фото: vk.com

Атақты «Ағайынды төртеу» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың белді мүшесі Еркін Ізбасаров кеше Алматыда ұсталды хабарлайды NUR.KZ.  Ол оққағары мен көлік жүргізушімен көше бойында қолға түскен.

Фото: wrestdag.ru

50 жастағы Еркін Ізбасаров қылмыс әлемінде «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен танымал топтың белді мүшесі. Еркін Жұмашұлы бірнеше жыл бұрын жол апатына түсіп, арбаға таңылған болатын.

Фото: wrestling.kz

Ол спортсүйер қауым арасында еркін күрестің ірі демеушісі ретінде танымал. Күрес федерациясы оған қазақ спортына және күресті қолдағаны үшін үнемі алғыс білдіріп отырады.

Фото: vk.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметтерге қарағанда қылмыстық топтың мүшелері радикалды салафиттерді қолдаушылар. Осындай лаңкестік пиғылдағы топтар мұнай ұрлығымен жүйелі тұрде айналысып, табысты кәсіптен тапқан ақшасына қару-жарақ сатып алып отырған.

Nur.kz

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий