Ақтөбелік келіншек жыныстық қызмет көрсету үшін Сирияға кеткен

Журналистер алдында есеп берген Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов діни ахуалдың тұрақты екенін атап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

«Бізде қазір басқа дін ағымында жүрген 270 адам бар. Бұл сан осыған дейін 280 болатын. Түсіндірілу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жағдай тұрақты. Өткен жылдың мамыр айында кеткен келіншектің отбасымен сөйлесіп отырмыз», — дейді Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов.

Ақтөбеде Сириядағы ұрыста жүрген азаматтарға жыныстық қызмет көрсетуге аттанған келіншек осы Мұғалжар ауданынан болатын.

Аудан әкімі Серік Тілеулесұлы халықтың тұрмысы жақсы екенін атап кетті. 67 мыңнан аса тұрғыны бар ауылда әрбір төртінші адамның машинасы бар. Ал, аудандағы оқушылары өкпе ауруына жиі шалдығатын мектепке жақын арада жөндеу жасалмақ.

Сонымен қатар, аудан әкімі қарамағындағы әкімшілік қызметкерінің сіңілісіне «сыйлық алып бермедің» деп айқай шығарған Еңбек ауылының әкімінің мәселесін қарап жатқанын атап кетті.

«Бұл жағдай БАҚ-ның бетінде жарық көргеннен кейін біз бірден бақылауымызға алдық, әкімнің өзімен де сөйлестім. Әкімшілік аппаратынан үш адамнан құралған арнайы комиссия жағдайды анықтап жатыр»,- деді аудан әкімі.


Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий