Ақтөбелік жастар «Чупа-чупс» сатып, мүгедек баланың үйіне еврожөндеу жасап берді

Қазақстан мұсылман діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі өкілі Әлішер Садық NUR.KZ тілшісіне жастардың мұқтаж жандарға қалай қамқорлық жасағанын айтып берді.


Олар «Жүректен жүрекке» акциясы арқылы жарымжан жандарға қолдау көрсетіліп жатыр.

«Жүректен жүрекке» акциясының Ақтөбе қаласында жұмыс жасап жатқанына бір жарым жыл болды. «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде өз группамыз бар. Бір жарым жыл ішінде 2,5 миллион теңге жиналып, мұқтаж адамдарға көмек көрсеттік. Мешіттің алдында, сауда орталықтарында акциялар ұйымдастырамыз. Чупа-чупс, қолдан пісірілген тамақтар сатамыз, футболдан турнирлер өткізіп, түскен ақшаны көмек сұрап келгендерге қолдау ретінде береміз», -дейді ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі өкілі Әлішер Садық.

«Қолдау білдіремін деген жан шарадан қалыс қалмаса екен. Көп түкірсе — көл. Мүгедек баланың ем алуына қаржы керек», — дейді Әлішер Садық.

Дереккөз: Nur.kz




Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий