Ақтауда 63 жастағы әйел терезеден секіріп қайтыс болды

Сол аяғы мен оң қолы сынған, басқа да көптеген жарақат алған.

Ақтауда 63 жастағы әйел 12 шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап қайтыс болды, — деп хабарлайды Today.kz «Ладаға» сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 23 қарашада 17:47-де болған. Жедел жәрдем хабарлама түскен бойда жолға шыққанымен, әйел адам қайтыс болып кетті. Оның сол аяғы мен оң қолы сынған, басқа да көптеген жарақат алған.
Туысқандарының айтуынша, зейнеткер пәтер жалдаған. Сол пәтердің маңынан оның денесі табылды.
«18:50-де қайтыс болғаны белгіленді. Мәйітханаға 19:04-те жіберілді», — деді фельдшер Наурызай Аманова.
Қарт кісінің өлімі дерегімен ҚР ҚК 105 бабы «Өз-өзіне қол салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий