Ақтаулық тұрғын қайын енесін оңдырмай сабап тастады

Соққы. Көрнекі фото: Тумба

Ақтауда енесін соққыға жыққан азамат сотта жауапқа тартылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы tumba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтау қалалық соты 2016 жылдың 11 қарашасында енесіне қол көтерген азаматты 70 сағат қоғамдық жұмысқа жегу шешімін шығарды.

«Ер адам енесінің ішіне және білегіне соққы жасағаны белгілі болды. Осылайша, ол әйелге жеңіл дене жарақатын салғанын сот-медициналық сараптама анықтады. Сот үкімімен ол кінәлі деп табылып, жетпіс сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды», — делінген сот хабарламасында.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий