Рамзан Қадыровтың ұлы. Скриншот видеодан алынды
Шешен республикасы басшысының қызметін атқарушы Рамзан Қадыровтың ұлы өз атасының құрметіне өткізілген сайыста қарсыласын 14 секундта нокаутқа жіберді деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы Рамзан Қадыров өзінің инстаграмдағы парақшасына жазып, күллі әлемге жар салды.
Қадыровтың он жасар ұлы Ахмад Грозныйда өткізілген Grand Prix Akhmat – 2016 бокс турнирына қатысып, Сочиден келген қарсыласы Дамир Шевхужевты 14 секундта нокаутқа ұшыратты. Сөйтіп, рингке алғаш рет шыққан Ахмад халықаралық турнирдің чемпионы атанды.