«Аэрофлот» вакцинадан бас тартқан ұшқыштарды жұмыстан шығарды (видео)

Иллюстративное фото

«Аэрофлот» коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған алты ұшқышты жұмыстан жалақысыз шеттетті. Бұл туралы РБК агенттігіне әуе компаниясының өкілі Михаил Демин хабарлады. Оның айуынша, «Аэрофлотта» екі мыңнан астам ұшқыш бар.

6 қыркүйекте Шереметьев кәсіподағы «Аэрофлот» вакцина салдырмаған ұшқыштарды жұмыстан шығарып жатқанын хабарлаған. Кәсіподақ басшысы Игорь Дельдюжовтың РБК агенттігіне хабарлауынша, ұйымға жұмыстан шеттетілген он шақты ұшқыш шағымданып келген. Оларды 16 тамыздан бастап жұмыстан шығара бастаған.

Кәсіподақ ұшқыштарды вакцина салдырмағаны үшін жұмыстан шығаруды алалау деп есептейді, өйткені басқа да әуе компанияларында вакцина салдырмаған ұшқыштар еркін жұмыс істеп жүр.

Кәсіподақ «Аэрофлот» басшылығынан вакцина салдырмаған ұшқыштарды жұмыстан шығару туралы жарлықты жоюын сұрады.

31 тамызда «Аэрофлоттың» бас директоры бортсеріктердің жалақысын 100-150 мың рубльге дейін көтеретінін, ал ұшқыштардың айлығы кезең-кезеңімен өсетінін хабарлаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий