Өзбекстанда аудан және қала орталықтарына жақын маңда «Жаңа Өзбекстан» деп аталатын 29 тұрғын үй кешені бой көтереді. Әділет министрлігінің хабарлауынша, президент 9 желтоқсанда осындай жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, баспанаға сұраныс жоғары аудандарда «Янги Ўзбекистон» ( «Жаңа Өзбекстан») деп аталатын 29 тұрғын үй кешені салынады. Кешендерде 619 тұрғын үй (21 мың 321 пәтер), 18 мектеп, 24 балабақша, 15 медициналық мекеме бой көтереді.
«Янги Ўзбекистон» құрылысы үшін ауыл шаруашылығына пайдасы аз 489 га жер бөлінеді.
Президент Шавкат Мирзияев 2 қарашадағы бейнеконференцияда барлық аймақтарда «Янги Ўзбекистон» кешендері салынатынын мәлімдеді. Кешендер бой көтерген соң, 250 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтылады дейді президент.
Келесі жылы «Янги Ўзбекистон» құрылысына 15 трлн cум (шамамен $14 млрд) бөлінеді.