Фото: muslim.kz
Испания мемлекетінің азаматы кіші қажылық жасау мақсатында Париж қаласынан жаяу жолға шыққан деп хабарлайды Muslim.kz.
Әлеуметтік желілерде «Иссак саяхатшы» деген атқа ие болған ол қазіргі кезде 6000 шақырымды артқа тастап, Кувейт аумағына келіп жеткен. Діттеген мақсатына жету үшін оған әлі 1356 шақырымды жүріп өтуі керек.
Осыдан 5 ай бұрын Париж қаласынан шыққан Иссак 16 мемлекеттің жерін басып өткен. Бір қызығы, ол осы сапарына өзінің заттарын алып жүру үшін бесік арбадан басқа түк алмаған екен.