Алматыда «балаларды ұрған» тәрбиешінің әрекетіне байланысты тергеу басталды

Алматы қалалық полиция департаменті «балаларды ұрған» балабақша тәрбиешісінің әрекетіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл жөнінде жергілікті ақпарат агенттіктері жазды.

«Алматы қаласының полиция департаменті аталған фактіні сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 140-бап 2-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») бойынша тіркегенін хабарлайды. Қылмыстық іс материалы Жетісу аудандық полиция басқармасының өндірісінде. Тергеу аясында жағдайдың жай-жапсары анықталып, тәрбиешінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Соған сәйкес, жауапкершілікке тартылады» делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін қаладағы балабақшалардың біріне орнатылған бақылау камерасына түсірілген видео жарияланған. Онда тәрбиешінің бір баланы құлағынан бұрап, біреуінің шашынан тартқаны, балаларға қол көтергені көрінеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий