Көрнекі фото: karelnovosti.ru
43 жастағы әйелдің басқаруындағы Honda Odissey мен рөлінде 54 жастағы ер адам болған такси Renault Samsung көліктері соқтығысты. Атап көрсетілгендей, Renault-та екі жолаушы болған, олар жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.
Honda көлігінде екі 15 жасар және 1987 және 1951 жылы туған екі әйел болған. Олар орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Жеткіншектер жеңіл жарақат алғандықтан, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне қайтарылды. Әйелдер ауруханаға жатудан бас тартты.
Алматы облысы Іле ауданы полицейлері тергеу жүргізуде, сараптамалар тағайындалды.