Сәбиді бұлай қинаған оның өгей әкесі.
Алматы облысында өгей әкесі үш жасар қызының денесін тістелеп, мұрнын жұлып алған. Бұл туралы журналист Гүлмира Абыкай өзінің Instagram парақшасына жазды деп хабарлайдыzakon.kz.
Сәбиді бұлай қинаған оның өгей әкесі дейді қолданушы.
Фотодағы үш жасар қыздың үстінен сау тамтық жоқ. Басынан башпайына дейін аяусыз тістелеп, бір уыс төбе шашы мүлдем жоқ. Ең сорақысы ұйықтап жатқан бөпенің мұрнын 1986ж.т. Ринат Қоңқабаев тістеп жұлып алған. Әлде жеп қойды ма, кім білсін,мұрын еті сол күйі табылмады,- дейді Гүлмира Абыкай.
Журналисттің пайымдауынша, 20 күн ауруханада жатқан Жансая бүгін анасымен үйге қайтуы керек. Алайда, басар тау, барар жері жоқ екен.
Пәтерге оралса азаматтық жары Ринат күтіп отыр. Бұл мәселеге қатысты балаға шабуыл деп арыз жазылғанымен күдікті изоляторда бір күн отырып, босап шықты. Шырылдап енді арыз жазғанымды білсе өзімді де өлтіреді деп жылайды Аяулым Матаева. Ол (Ринат) бұрын сотталған азамат. Адам болмайтынын білген туыстары теріс айналған жігітті неге таңдадыңыз? Бірге тұрған бір жыл ішінде бірнеше рет қол көтергенін неге жасырдыңыз? Ол ішіп алғанда «белая горячка» екенін біле тұра 3 жасар қызды қауіпке неге итермеледіңіз? Бұл сауалдарға Аяулым жауап таппады. Сіз азаматтық жарыңыз өлердей мас екенін біле тұра, мұндай кезде көзіне түскен жанды оңдырмайтынын (тістейді) біле тұра туған қызыңызға араша түсу орнына тастап қаштыңыз. Екеуіңіз де ҚЫЛМЫСКЕРСІЗДЕР! Ал, не болды? Бір қыз бала мәңгілік урод болды. Оған қанша жерден ота жасалғанымен өз мұрнындай болмайды. 3 жасар баланың психикасына мәңгілік сызат түсті, -деп ашынды қолданушы.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов аталған оқиғаны растады.