Көрнекі фото.
Тергеу жұмыстары бойынша, директор бірнеше жыл бойы туған ұлын зорлап келген. Бұл сорақылық туралы оның жұбайы тәртіп сақшыларына айтып берді.
Алматы облысы полицейлерінің айтуынша, арыз түсірген әйел өз күйеуінің баласына істеген әрекеті жайында білмеген. Бұл туралы оған ауруханадағы дәрігерлер айтқан көрінеді.
Үлкен дәретін жіберіп қоя беретін ұлын дәрігерге апарғанда, әйел жантүршігерлік жайт туралы естіп жағасын ұстаған. Ол күйеуіне бұл жайтты айту үшін барғанда, ол әйелді аяусыз соққыға жыққан.
35 жастағы директор өз қызметінен 31 шілде күні кеткен. Ол өз еркінен жұмыстан кету туралы арыз жазған.
«Время» газетінен алынған материалдарды көшіріп басу үшін гиперсілтеме қоя міндетті.
Басылымның жазуынша, қазір бала сот-медициналық сараптамадан өтуде. Оның қорытындысы бойынша оның зорланған-зорланбағаны белгілі болмақ.