Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Есік қаласының тұрғыны Мусинова Гүлбадардың қызын зорлағандарды жазалуын өтінген видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Зорлау туралы мәліметті Dina Tansari есімді желі қолданушысы өз парақшасында жария еткен. Оның айтуынша, қыздың анасы әділетсіздіктен шарасыз күйде жүр.
Мусинова қызы Жібекті 14 тамызда төрт жігіт жаппай аяусыз зорлағанын мәлімдеді.
«Бойжеткен ағасымен бірге отбасылық кештен кейін кафеден шыққан. Сол кезде оларға төрт жігіт тап беріп, ағасын соққыға жығып тұрып, қызды күштеп көлікке мінгізіп әкетті. Түні бойы Жібекті жақындары іздеумен болды. Ал таңертеңгісін бойжеткеннің тура АІІБ ғимаратынан 50 метр жерде көліктің ішінде зорланғаны анықталды. Зардап шегушінің ағалары қылмыскердің екеуін өздері құрықтады, ал екеуі қашып үлгерген», — деп жазған Dina Tansari.
Динаның сөзіне сенсек, АІІБ қызметкері қылмыс маңында болып, бойжеткеннің айқайын естігенімен, еш көмек көрсетпеген.
«Туыстары қылмыскерлерді тапқан кезінде олардың қасында форма киген АІІБ қызметкері әңгімелесіп тұрды. Бұл қызметкер бойжеткеннің көмекке шақырған айқайын естісе де, еш әрекет етпеген. Ал қылмыс үстінде ұсталған екі жігітті полицейлер арыз түскенге қарамастан, жіберіп қоя берген. Заттай дәлел болып табылатын көлікті қылмыскерлерге қайтара салған. Олар көлікті сол күні-ақ жуып-тазалап, қылмыстың ізін жасырды. Зардап шегушінің арызын бейнежазбаға түсірмей қабылдаған. 14 тамызда жергілікті перзентханада жасалған сараптаманың нәтижесі әлі күнге дейін шықпай отыр. Қылмыстың барлық іздері жойылып болғаннан кейін ғана 17 тамызда тергеуші ауысып, ол көлікті қылмыскерлерден тәркіге алды», — дейді Dina Tansari.
Жібектің ата-анасы қылмыскерлердің жазасыз жүргеніне күйініп, қоғамнан көмек сұрады.
[pt_view id=»2216c5d386″]