Алматыда 10 жасар оқушыны бір көлік қағып, екіншісі басып өтті

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 25 ақпан, кешкі уақытта Розыбакиев-Кихтенко көшелерінің бұрышындағы жүргіншілер жолында болды. Жолды кесіп өтпек болған он жасар баланы жеңіл көлік қағып кетті.

Алматыда Honda Accord автомобилінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті деп хабарлайды 24.kz.

Куәгерлердің айтуынша, баланы алдымен Honda қаққан, соққыдан ол жолдың ернеуіне ұшып түскен. Құлап жатқан жерінен оны SsangYong маркалы екінші көлік басып өткен. Honda жүргізушісі оқиға орнында қалды.

Ал екінші көлік жүргізуші ізін суытып кетті. Қазіргі уақытта ол іздестіріліп жатыр. Қайтыс болған баланың туыстары оның анасы он жыл бұрын көз жұмғанын және оны әкесі тәрбиелегенін жеткізді. Жақында баланың тәтесі оны асырап алмақ болған көрінеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий