Алматыда қарапайым жігіт теңдессіз хостел ашып, өз арманына қол жеткізді

Қарапайым отбасынан шыққан алматылық жігіт Шәкір Исламбакиев өз хостелін ашуды армандап келген.

Бүгінде ол ерен еңбегінің арқасында сол арманына қол жеткізіп отыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы Сosmo.kz сайтына сілтеме жасап.

Күнделікті кеңседегі жұмыс азаматтың көңілінен шықпайтын. Бар қаражатын салып, хостел ашуы сәтсіздікке ұшырай ма деген күдік біраз уақыт Шәкірді тоқтатып келген.

«Бір жыл болмай жатып осындай жетістікке қол жеткізгеніміз жаман емес. Мен бұл жүлдені маған әу бастан сенім артқан әрі қолдау көрсетіп келген әжеме табыстадым. Әжем, тіпті хостелдегі тазалықты өз мойнына алып, арманымды жүзеге асыруға көмектесіп жүр», — дейді Шәкір.

Жақында Шәкір екінші хостел ашып, қала ішінде хостелдер желісін қалыптастыруды мақсат етуде. Тіпті өз жобасына инвесторды да тауып үлгерген. Енді тек хостелге ыңғайлы орнын тапса болғаны.




Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий