Алматыда бомба туралы жалған ақпарат таратқан ер адам ұсталды

Алматыдағы Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы ғимараттан жарылғыш зат табылмады. Ал жалған ақпарат таратқан 22 жастағы ОҚО тұрғыны ұсталды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаменті хабарлады.

19 желтоқсанда департаментке белгісіз адам телефон шалып, Төле би мен Байтұрсынов көшесіндегі кеңселердің біріне бомба қойылғанын хабарлаған. Ғимарат аймағы қоршауға алынған. Іздеу шараларын полиция жасағы мен арнайы қызметтер, жедел әрекет ету қызметі жүргізген.

Қазақстанда осыған дейін бомба қойылған туралы қоңырау шалу оқиғалары бірнеше рет болған. Бомба қойылған туралы ақпараттардың басым бөлігі жалған болып шығады. Қазақстанда терроризм актiсi туралы жалған хабар таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бес-алты жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

centralasian.org

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий