Алматыда көше тазалаушы әйелдің қолынан күрегін алып, өзі іске кіріскен жігіт елді тәнті етті (видео)

Алматы көшелерінде қар тазалап жатқан егде кісіге көмектесіп, өзі көше тазалауға кіріскен жігіттің видеосы желіде таралып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болды.

Бұл жайт Алматыдағы Абай мен Тілендиев көшелерінің қиылысында орын алған.

Жаяу жүргінші көше тазалаушы әйелдің қолынан күректі алып, жолдың жиегіндегі қарды өзі тазалауға кіріскен.

Ал желі қолданушылары болса, оның бұл әрекетіне сүйсініп, түрлі пікірлерін жаудырды.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий