Кадр видеодан алынды
Аталған жайттың видеосы kris_p_almaty парақшасында пайда болған. Роликті жариялаған адамның жазуынша, жігіттер өздерінің «құжаттарын» көрсетіп, оларды кешен аумағына кіргізуді талап еткен.
Алматы ІІД-не сілтеме жасаған Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, оқиға 6 тамыз күні орын алған. Күзетші мен жүргізуші бұл дерек бойынша полицияға хабарласпаған және бір-біріне ешқандай да кінә артпаған.
Алайда BMW көлігінің 27 жастағы жүргізушісіне 45 380 теңгеге айыппұл салынды. Порталдың келтірген дерктері бойынша көлік жүргізушісі ешқандай құқық қорғау орындарында жұмыс істемейді.