Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды

Егде жастағы азамат. Көрнекі фото: velvet.by

Зейнеткерлер де қартайған шағында отбасын құрудан қалыс қалмауда. Алматыда 80 жастағы зейнеткер өзінен екі есе кіші әйелге үйленіп, одан бала сүйді. Бұл туралы «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Алматының неке агенттіктерінің бірін басшылық ететін Ольга Калинина агенттікке ай сайын кемінде екі-үш егде жастағы азамат пен кейуана көмек сұрап келетінін алға тартты. Отбасын құруды қалайтын олардың екінші жарына деген талаптары да жоғары екен.

«Жылына бізде екі-үш зейнеткер өз бақытын табады. Егде жастағылардың дені азаматтық некеге тұрғанды қалайды. Бес жыл бұрын 77 жастағы ер адам 75 жастағы әйелмен жұп құрған болатын. Зейнеткер 7-8 әйелдің ішінен бірін таңдап, онымен көңіл жарастырды», — дейді Ольга.

Калининаның айтуынша, егде жастағылар үшін бастысы пысықтық емес, жарының сабырлы әрі жақсы мінезді болуы.

«Егде жастағы адамдардың қоятын негізгі талабы — жақсы мінезді әйел табу, олардың үй шаруасына пысықтығы мен көріктілігі аса маңызды болмай шықты. Сонымен қатар, қарияларымыз болашақ жарының өз үйі болғанына да мән береді. Ал әлі де жұмыс істеп жүрген әйел болса, тіпті қуана түседі. Әрине 20-30 жасқа кіші әйелі болғанын қалайтындар жоқ емес. Оларға бұл ойлары мүмкін еместігін түсіндіріп отыруға тура келеді. Ал зейнеткер әжелерге олигархтар егде жастағыларға көз салмайтынын түсіндіріп жатамыз», — дейді агенттік директоры.

Ольга туыстарының бірі үлкен жасына қарамастан, балалы болғанын есіне алды.

«Менің бір туысым 80 жасында әке атанды. Жары одан екі есе кіші. Осы орайда, жасы қанша үлкен болса да ер азаматтардың жыныстық өмірге қызығушылығы жоғары екенін байқауға болады. Дегенмен егде жастағылар жас қызға көз салса да, мінезі қиын болса, қарым-қатынастары ұзаққа бармайды. Мәселен, 65 жастағы клиенттерімнің бірі үш баланың анасы атанып отырған 45 жастағы әйелден бас тартқан болатын», — деп ескертті ол.

Анна Гончарованың материалынан аударылды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий