Алматылық келіншек сұлулығын күйеуінен басқаға көрсетпеу үшін қара жамылып кетті фото)

Отандық теологтар елдегі шолақ шалбар киіп, сақал қоятындар мен қара жамылғандарға тыйым салатын заң ағымдағы жылдың күзінде қабылдануы мүмкін деп отыр. Аталған мәселеге елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та алаңдап, «Білімінің аздығынан жастарымыз балағын кесіп, сақал қойып жатыр. Толықтай тұмшаланып алатын қазақ қыздарының қатары көбейіп барады. Бұл біздің дәстүрге сай келмейді. Бұған заңнамалық тұрғыда тыйым салу мәселесін қарастыру керек. Қазақтар қайғылы жағдайда ғана қара жамылған», — деген болатын.

Фото: Петр Карандашов

Осыған орай NUR.KZ порталының тілшілері нихаб пен хиджап киетін бойжеткендермен сұқбаттасып, не үшін қара жамылатындарын сұрап көрген еді.

Университет тарапынан қысым көрдік

Алматыдағы орталық мешітке келіп, діни дәріс алатын қыздар баршылық. Бойжеткендерді сөзге тартып, никабқа қатысты енгелі отырған жаңа заң жайлы да сұрап көрдік.

Фото: Петр Карандашов

Айнұр, Алматы техникалық университетінің 3 курс студенті:

Осы заңды енгізеді екен деп бауырларымыздан естідік. Әрине бұл дұрыс емес. Қаланың ішінде анандай (дәстүрлі емес жыныс өкілдері) қыз-жігіттер көп қой. Соларға неге тыйым салмайды? Біздің ешкімге зиянымыз жоқ. Мен қарсымын.

Бұған дейін де университет тарапынан кішкене қысым көрдік. Ұстаздар шешіңдер орамалдарыңды, қазақта мұндай жоқ деп күнде жинап алып, лекция оқыды. Хиджабымды шешпеймін. Бұл менің дінім, өмірлік ұстаным, өз таңдауым.

Фото: Петр Карандашов

Тақуалық пен қызғаншақ күйеулерден қорқу

Бет аузын тұмшалаған Әселмен сөйлесу өте қиынға соқты. Себебі, киіміне қарап адамдар жиі жаман сөз айтып, балағаттайтындықтан ол қатты қорқатын болған.

«Қара қарғаға ұқсап мынауың не, уахабсың ба? Лаңкес емессің бе?» деген секілді ауыр сөздер айтады. Мен ренжімеймін, бірақ адамдардың қатыгездігіне қарап жүрегім ауырады. Көйлегім қара болса да, ниетім ақ. Менің ұстанған дінім дұрыс. Оны мешіттегі имамдар да біледі. Тек күйеуімнің өтініші бойынша киемін никабты.

Жолдасым «сұлулығыңды менен басқа еркек көрмесін» деп айтқан соң, өтінішін жерге тастамадым. Басында әке-шешем де қарсы шықты. Бірақ, шариғатта күйеудің талабын орындау парыз, міндет», — деді келіншек.

Қара жамылған әйел тіпті өзін фотоға түсіруге де болмайтынын, исламда тыйым салғанын айтып теріс айналды.

Фото: Петр Карандашов

Никабымды әкемнің өтініші бойынша шештім

Біз сөзге тартқан қыздардың барлығы дерлік никаб киюді қолдайтындарын білдірді. Тіпті, бір-екеуі туыстарының өтінішінен соң ғана хиджап киюге көшіпті.

«Никаб — қызық киім. Ішінде өзің жеке бір әлемде жүрген секілді сезінесің, ешкімде шаруаң жоқ. Өзіңмен өзің. Мен бір ай ғана кидім. Әкем «Мынауыңды шеш, көршілер жаман ойлайды, туыстар не дейді?»деп айтқан соң ғана хиджапқа ауыстырдым. Бірақ намазыма ешкім тосқауыл болған емес.

Никабтың қара түсті болуының өзіндік мәні бар. Қара түске көп еркек мән беріп қарамайды. Тақуа (дәнге қатты берілгендер) әйелдер біреудің нәпсісін оятпау үшін қара жамылып, елді өзінен аластатып, өзгелерді күнәға бармауына себепкер болады», — деді Мадина есімді бойжеткен.

cof

Біз сөзге тартқан оншақты бойжеткендер қара жамылғыға қарсы заң енгізілсе де, никабтарын да, хиджаптарын да шешпейтіндерін айтты. «Жүректегі сенім шүберекпен шешілмейді», — деген олар билік басындағылардан түсіністікпен қарап, жайлы заң енгізетіндеріне сенеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий