Алматылық жігіт өзін «геймін» деп жұртқа ашық жариялады

Фото әлеуметтік желіден алынды

24 жастағы алматылық жігіт өзін жұртқа «геймін» деп жария етті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрбек есімді бұл жігіт осыдан біраз уақыт бұрын «Битва экстрасенсов» жобасындағы көріпкел экстрасенстерден қалыпты өмір сүргісі келетінін айтып көмек сұраған еді.

Фото: Youtube-тен скриншот

«Мені ер адамдарға тартып тұрады, мен геймін. Қалпыма келуге көмектесе аласыздар ма?», — деген Нұрбектің өтінішіне экстрасенстер бірауыздан оны өзгертуге болатынын айтты.

«Наша правда» бағдарламасынан скриншот

КТК телеарнасындағы «Наша правда» бағдарламасына  қонаққа келген ол: «Бала кезімнен ер балаларды ұнататынымды түсіндім. Ал, қазір мен бәріне өтірік айтудан жалықтым», — деп мойындады.

«Наша правда» бағдарламасынан скриншот

Ата-анасы мен жақын туыстары бұл жаңалықты естіп есеңгіреп қалған. Тіпті, бұл достары мен жақын таныстары үшін де күтпеген жайт болып шықты.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий