Көрнекі фото: аrnapress.kz
Қыздың жолы — жіңішке. Ал шоу-бизнестегі қыздардың жолы тіптен ауыр. Оларға кез келгеннің көзі түседі, қысқасы олар үнемі ел назарында.
КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасы шоу-бизнестегі қыздардың бағасы қанша екенін анықтап көрді. Тәнін көрсеткен қыздар үшін қалталы ағалар жанын беруге даяр деген қауесет бар. Қаншалықты рас?
Бұл сұрақ бастапқыда шоу-бизнестегі танымал актрисалардың бірі — Салтанат Боқаеваға қойылды. Бірақ ол бұрын-соңды өзінің тәжірибесінде ондай жағдайлар кезікпегенін айтты.
«Арнау тобында келе жатқаныма 6 жыл болды. Бәлкім менің қасымда Нұржан жұмыс істегендіктен бе, ешқашан ондай ұсыныстар түсіп көрмегендіктен, өз көзіммен көріп білмегендіктен бар деп те айта алмаймын», — деді ол.
«Бірақ, естідім, әрине, мен де ондайды естідім. Ақша, бәрнәрсе беріп деген сияқты. Ондай дүниені мен бөліп жарып айта алмаймын. Көзімше ешкімді сатпаған да, мен сатпағам», — деп ағынан жарылды актриса.
Ауқатты отбасында өскендіктен болар, Сиви мұндай жайттарды мүлдем түсінбейтінін жеткізді.
«Қалай қыз баланы сатады? Енді дардай үлкен кісілерге ұят емес пе?», — деді Сиви Махмуди.
Естеріңізге салсақ, КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасын әр сенбі сайын сағат 17:00-де көруге болады.