Альварес Головкинмен реваншқа келісімін берді

Келісімшарт бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

Golden Boy компаниясының президенті Эрик Гомес «Канелоның» Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге келісім бергендігін айтты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз реванш бойынша нәтижелі келіссөздерді жүргізудеміз. «Канело» жекпе-жекке шыққысы келеді, ол бізге келісімді аяқтауға зор мүмкіндік. Келісімшарт бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

Біздің негізгі мақсат — реванш. Енді тек кейбір түйінді мәселелерді ғана шешу қалды», — деді Гомес ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, жүргізіліп жатқан келіссөздер жаңа жылға дейін жалғасы мүмкін. «Біз Головкиннің өкілдерімен жұмыс істеуді жалғастыратын боламыз. Том Леффлер Германияда сапармен жүр. Ол GGG-мен сөйлесіп, бізге жауабын беретін болады», — деді Golden Boy өкілі.

Айта кетейік, Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің қарымта жекпе-жегі 5 мамырға жоспарланған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий