Қалыңдығы той үстінде ән салғанына ашуланған күйеу жігіт өз-өзін өртеп жіберді

Қалыңдығы той үстінде ән салғанына ашуланған күйеу жігіт өз-өзін өртеп жіберді. Фото: Caters

Үндістанда жаңадан үйленіп жатқан жігіт, той үстінде өзін өзі өртеген. Оған келіншегінің ән салғаны себепші болыпты деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап halyknews.kz.
Ақпарат көзінің мәліметі бойынша, күйеу жігіт жас келіннің ән айтпай-ақ қоюын өтініп, қатты жалынған көрінеді. Бірақ қалыңдық оның сөзіне құлақ аспай, сахнаға шығып кеткен.

Сол кезде жігіт келіншегін тоқтату үшін, үстіне жағармай құйып, қонақтардың көзінше өз-өзіне өрт қойған. Ақырында денесінің 70%-ын күйік шалған жігітті ауруханаға алып кетіпті. Оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий