Қалыңдығын бояусыз көрген күйеу жігіт оны сотқа берді

Неке. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Алжирде қалыңдығын бояусыз көрген күйеу жігіт оны сотқа берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы yaizakon.com.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тойдан кейін қалыңдығын бояусыз көрген күйеу жігіт оны, тіпті танымай қалғанын алға тартты. Жігіт бірден сотқа жүгініп, сүйіктісінен 20 мың доллар өтемақы төлеуді талап етуде.

Зардап шегуші өзіне келтірілген психологиялық нұқсанды осындай сомаға бағалап отыр. Жігіттің пікірінше, ғашығы оны алдап, өзін тым сұлу етіп көрсетіпті.

«Әйелімді бояусыз көргенде, танымай қалдым. Бастапқыда оны пәтеріме кіріп кеткен ұры деп қалдым. Некеге дейін ол өте көрікті еді», — дейді арызданушы.

Сот шағымды қарастырып жатыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий