Нәрестені кемірген алып егеуқұйрық. Фото: DAN NEWLING
26 жастағы әйел түнге қарай үш айлық нәрестесін үйіне жалғыз тастап, бөтелкелестерімен тойлатуға кетіп қалған. Үйіне келгенде сәбиінің сау тамтығы қалмаған ана баласын біреу тірідей өртеді деп ойлапты.
Баланың жылағанын естіген көршілер де таң ата полицейлерді шақырды. Алайда ол кезде тым кеш еді. Алып егеуқұйрықтар нәрестені тірідей жеп, көзі, тілі, саусақтарына дейін кемірген.
Бұл жантүршігерлік жайттан кейін қан-жоса болып жатқан сәбидің денесін көруге полицейлердің де жүрегі дауаламаған.
Белгілі болғандай, егеуқұйрықтар жеп кеткен қыз баланың егізі бар екен. Анасы кішкентай ұлын өзімен алып, қыз баланы үйіне тастап кете берген. Егіздердің 28 жастағы әкесі жауапсыз әйелінен ұлын алып кетті. Ал қызының қазасына кінәлі ана темір торға тоғытылды.