Көрнекі фото: zoopressa.ru
Эллен Фрей-Враутерс Нидерландының тумасы, БҰҰ-да жұмыс істеген. Оның күйеуі 1989 жылы қайтыс болады, ал жалғыз баласы сәби кезінде шетінеп кетіпті. Фрей-Враутерстің өзі 88 жасында дүниеден өтті.
«Мысықтар оның балалары сияқты еді», — дейді өз сөзінде Элленнің үй қызметшісі.
Қазір ол мысықтардың бірі – Тигрді өз қарамағына алған. Екінші үй жануары Трой келесі үй қызметшісінің, яғни Рита Похиланың қарамағында.
Мысықтар өлгеннен кейін қалған байлық Фрей-Враутерстің жалғыз туысқаны — Нидерландыдағы сіңлісіне берілетін болады.
Қазір мұраға қалған ақшаның барлығы Фрейдің заң қызметкерлерінің шешімімен мысықты асырап алған қызметшілерге теңдей екіге бөлініп берілген.