Америкалық жесір әйел мысықтарына мұра ретінде $300 мың тастап кеткен

Көрнекі фото: zoopressa.ru

Нью-Йоркте тұратын жесір Эллен Фрей-Враутерс мысықтарына 300$ мұра тастап кеткен, сонымен қатар мысықтарына арнайы күтім туралы жазып қалдырған деп хабарлайды «Газета.ру» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Эллен Фрей-Враутерс Нидерландының тумасы, БҰҰ-да жұмыс істеген. Оның күйеуі 1989 жылы қайтыс болады, ал жалғыз баласы сәби кезінде шетінеп кетіпті. Фрей-Враутерстің өзі 88 жасында дүниеден өтті.

«Мысықтар оның балалары сияқты еді», — дейді өз сөзінде Элленнің үй қызметшісі.

Қазір ол мысықтардың бірі – Тигрді өз қарамағына алған. Екінші үй жануары Трой келесі үй қызметшісінің, яғни Рита Похиланың қарамағында.

Мысықтар өлгеннен кейін қалған байлық Фрей-Враутерстің жалғыз туысқаны — Нидерландыдағы сіңлісіне берілетін болады.

Қазір мұраға қалған ақшаның барлығы Фрейдің заң қызметкерлерінің шешімімен мысықты асырап алған қызметшілерге теңдей екіге бөлініп берілген.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий