Халықаралық Amnesty International адам құқықтарын қорғау ұйымының дерегінше, Өзбекстанда өз ойын онлайн-платформалар мен әлеуметтік желілерде жариялаған белсенділер мен блогерлердің құқықтары қатты шектеліп жатыр. Ұйымның 25 маусымда жариялаған мәлімдемесінде осылай делінген.
Amnesty International билікті сынағаны үшін қудалауға тап болған өзбек блогерлерінің тізімін жариялады.
2019 жылы Мирзияев блогерлерді қолдауға уәде беріп, «президент сіздерді әрдайым қолдайды» деп мәлімдеген. Мемлекет басшысы әлеуметтік желілерге үнемі мән беретінін, блогерлер мен журналистердің сынын ескеретінін айтқан.
Соған қарамастан, халықаралық ұйым мәліметінше, Өзбекстанда сөз бостандығы негізінен әлеуметтік желілерде кездеседі, бірақ онда да шектеулер тым көп.
Баспасөзде айтылмайтын тақырыптарды өзбек блогерлері көтереді, соған байланысты олар билік пен құқық қорғау органдарының назарына ілігеді. Өзбек блогері елде сөз бостандығы шектелгенін растап отыр.
Блогерлердің өзі қозғаудан қорқатын тақырыптар баршылық. Солардың бірі — элитадағы жемқорлық. Атап айтқанда, президенттің, оның отбасының, премьер-министрдің, Ташкент басшысының, басқа да облсы басшылары мен олардың отбасы мүшелерінің сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар-жоғы туралы ешкім жазғысы келмейді.
Өзбекстанда жабық тақырыптарды қозғағаны үшін қудалауға ұшыраған блогерлер көбейді. Олар:
— сұрқандариялық блогер Отабек Саттори, жергілікті билікті өткір сынаған, 7 жылға сотталған,
— ташкенттік блогер Мирәзіз Базаров, жемқор билікті сынаған, сонымен бірге сөз бостандығы мен ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын қорғаған, 3 жылға бас бостандығынан айрылған,
— ташкенттік блогер Фозилхожа Арифхожаев, Өзбекстан билігінің діни саясатын ашық сынаған, 7,5 жылға сотталған.
«Хьюман Райтс Вотч», «Шекарасыз тілшілер», «Журналистерді қорғау жөніндегі комитет», АҚШ мемлекеттік департаменті және Amnesty International, соныен бірге Батыс елдерінің үкіметтері өзбек блогерлерінің қудалауға ұшырағанын сынады.