Amnesty International: Тәжікстан 30 жыл бойы президент отбасының бақылауында қалып қойған ел

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Тәжікстанды 30 жыл бойы президент пен оның туыстарының бақылауында келе жатқан ел деп атады.

Amnesty International ұйымының «2022–2023 жылдардағы әлемдегі адам құқығының жағдайы» баяндамасы 28 наурызда жарияланды.

Баяндамада Таулы Бадахшандағы наразылық күшпен басылғаны, тәуелсіз журналистер мен блогерлер және азаматтық белсенділердің қуғындалып жатқаны, ауған босқындарының депортациялануы айтылған.

Таулы Бадахшан автоном облысында наразылықты басу үшін биліктің жүргізген «антитеррористік операция» кезінде ресми түрде 21 адамның өлгені айтылғаны, бірақ шән мәнінде қаза тапқандар бұдан да көп болуы мүмкін екені атап өтілген.

Amnesty International ұйымының бұл мәлімдемесіне Тәжікстан билігі әзірге жауап бермеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий