Amnesty International: Тәжікстанда билікті сынаушыларды қудалау жүріп жатыр

Халықаралық Amnesty International адам құқықтарын қорғау ұйымы 2021 жылға арналған жаңа баяндамасын жариялады.

Беделді ұйым есебінде Тәжікстан билігі оппозициядағылар мен билікке сын айтушыларды қудалау жалғасып жатқаны айтылды. Олар саяси астары бар айыптармен ұзақ жылдарға түрмеде түсті, делінген баяндамада.

Айта кетерлік бір жайт, билік олардың бірқатарын басқа елдерден алдыртқан, ал Тәжікстанның өзінде, сонымен бірге шетелде олардың туыстарын қудалаған.

Республикада тыйым салынған оппозициялық «24 топ» қозғалысы төрағасының орынбасары Шарофиддин Гадоевтың күйеу бала Саади Рахматов былтыр 13 қаңтарда Грекиядағы түрмеден шықты. Ол екі ай қамауда отырды, өйткені Тәжікстан билігі оған Интерпол арқылы халықаралық іздеу жариялаған. Тәжікстанда Рахматовқа «жалдамалыларға көмектесті» деген айып тағылған. Республикада мұндай айыппен 15 жылға соттайды.

2021 жылғы 25 наурызда тәуелсіз адвокат, Мәскеудегі тәжіктер орталығының төрағасы Иззат Амон Ресей астанасында ұсталды. Екі күннен соң Тәжікстанның ішкі істер министрлігі заңгердің Душанбеде қамауда отырғанын хабарлады. Иззат Амон Тәжікстан билігін мигранттар құқықтарын қорғамағаны үшін сынаған. Былтыр қазанда Душанбе қалалық соты оны алаяқтық айыбымен тоғыз жылға соттады.

Республикада тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясының бұрынғы мүшесі Мирзо Ходжимұхаммад былтыр 1 маусымда «экстремистік ұйымға мүше» деген айыппен бес жылға сотталды. Ол екі жыл бойы Ресейде дәрігер болып істеген, Тәжікстанға ақпан айында жұмыс бабымен келген уақытта ұсталған. Мәліметтерге қарағанда, оны айыптауға әлеуметтік желілердегі жазбалары негіз болған, бірақ нақты қай жазбалар екені айтылмаған. 2020 жылы Ходжимұхаммад басылымдарға берген сұхбатында тәжік билігін коронавирус індеті туралы кеш жариялады деп сынаған.

Былтыр қаңтар айында тәуелсіз журналист Далер Шарипов бостандыққа шықты. 2020 жылғы сәуірде сот оны «діни араздық туғызды» деп танып, бір жылға соттады. Шарипов ислам туралы трактат жариялаған.

2021 жылғы қазанда Бузургмехр Ёровтың қамаудағы мерзімі төрт жылға рақымшылықпен қысқарды. Адвокат тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясының мүшелерін сотта қорғағаны үшін қудалауға ұшырап, 28 жылға сотталған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий