Қанат Ислам Головкин секілді елді ұйқысынан оята ала ма?

Қазақтың кәсіби боксшысы Қанат Ислам кәсіби алаңдағы 21-ші жекпе-жегін өткізеді.

Аталған кездесу 9 мамыр күні таңда, АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өтеді.

Бұл туралы ұлттық арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қанат Исламның қарсыласы — колумбиялық Хуан де Анхель. Колумбиялық боксшы 2008 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп келеді. Осыған дейін 22 жекпе-жек өткізіп, 18-ін жеңіспен аяқтаған.

Қанат Ислам Қытайда дүниеге келген этникалық қазақ боксшысы. Ол 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. 2012 жылға дейін «Астана арландары» командасына өнер көрсетті. Кәсіби бокста 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Жекпе-жек Астана уақытымен таңғы сағат 07:00-де «Қазақстан» арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий