Қанат Исламның қарсыласы жерлесімізді «орыс боксшысы» деп атады

Қанат Ислам. Фото: Проспорт

Канадалық боксшы Брэндон Кук келесі қарсыласы қазақстандық Қанат Исламның ұлты орыс деп ойлайды екен. Бұл туралы prosportkz.kz хабарлайды.

«Бүгінде орыстар бокстағы ең үздіктердің бірі екенін білемін. Бірақ Ислам – адам, мен де – адаммын. Қанат менің қалай жаттығып жүргенімді әлі білмейді. Сондықтан, мен ол жаққа жеңіліс үшін бара жатқан жоқпын. Ақша табу үшін барамын. Менің арманым – әлем чемпионы титулын ұтып алу. Ислам соған жақын болды, сондықтан мен оны жеңсем, рейтингінің үздік ондығына енемін. Ол мені дұрыс бағаламай жүр деп үміттенемін», — деді Кук.

Айта кетейік, Ислам мен Кук арасындағы кездесу 9 қыркүйекте Астанада өтеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий