Ғани Қасымов үкіметтің біраз мүшесін отставкаға кетіруді ұсынды

Ғани Қасымов. Фото: Роман Суханов

Белгілі саясаткер Ғани Қасымов еліміздегі үкімет мүшелерінің біразын отставкаға кетіруді ұсынды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында хабарлады деп жазады NUR.KZ.

«Президенттің билікке берген бағасынан соң, көптеген үкімет мүшелері отставкаға кетуі керек. Билік мүшелерінің 70 пайызын әйелдерден жасақтауды ұсынамын», — деп жазды Қасымов.

Қасымовтың бұл жазбасымен желі қолданушыларының басым бөлігі келіспей отыр.

Еске сала кетейік, өткен жұмада президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, көптеген шенеуніктердің жұмысын сынға алған болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий