Қарағандыда оқыс оқиға салдарынан 22 жастағы сарбаз көз жұмды (фото)

Тимур Перметов (оң жағында) Скриншот: КТК арнасы

 

22 жастағы Тимур Перметов 23 тамыз күні таңғы уақытта әскери техниканың дайындығын тексеріп жүріп, көлік пен тіркеменің арасында жаншылып қалған.

Ұлттық гвардия сарбазы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, бір жарым сағаттан кейін тілге келместен жан тапсырды. Қайғылы жағдайға байланысты 5451 әскери бөлімінде қызметтік тексеріс басталған.

Дегенмен әскерилер сарбаздың тіркемені дөңестеу жерге әкеп тежегішті қоспастан, көліктен ажыратқанын айтады. Өз салмағымен қозғалып кеткен ауыр тіркеме жігіттің өзін көліктің арасына жаншып тастапты.

«Сарбаздың денесін бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы туған жеріне әкеткелі отырмыз. Туыстарына жеткізіп береміз. Әскери тергеу басқармасы қазір тексерістерін бастап кетті. Көптеген болжамдар жіті тексерілгеннен кейін ғана процессуалдық шешім шығады», — дейді  5451 әскери бөлімінің командирі Ринат омаров.

КТК арнасы

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий