Қарағандыда қыздарды жыныстық құлдыққа сатқандар жазадан жеңіл құтылды

Қарағандыда 14 қызды Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейнге жыныстық құлдыққа сатқан сән агентігінің директоры 6 жылға шартты түрде сотталды.

Ол бойжеткендерді сән апталығына барасыңдар деген желеумен шетел асырып отырған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жеңгетайдың жылмысқы әрекеті тек қашып құтылған қыздар елге келісімен полицияға арызып, әшкереленді. Алғашында түлкібұлаңға салған 21 жастағы күдікті ақыры қылмысын мойындады.

Күйеулері бар әйелдерді, тіпті кәмелет жасына толмағандарды да шетелдерге жыныстық құлдыққа алдап жіберіп отырғаны сотта да дәлелденген. Алайда тергеу орындары оның сыбайластарын анықтай алмапты.

Тіпті жәбір көргендердің шығынын өтеп беруіне байланысты жеңгетайға сот жылы қабақ танытқан. Яғни адам саудасы, жеңгетайлық сияқты баптармен айып тағылса да, оған шартты жаза кесіп, сот залынан босатып жіберді.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий