Қарағандыда жолаушылар мінген автобус түгі қалмай өртеніп кетті (видео)

Қарағандыда бағдарлы автобус жүріп келе жатып өртеніп кетті, ішінде жолаушылар болған, деп хабарлайды eKaraganda.kz.

Оқиға дүйсенбі күні кешкісін Майқұдықтағы «Восток-5» шағын ауданында болған. «ПАЗ» маркалы № 014 автобустың жанып жатқанын оқиға куәгерлері түсіріп алған.

Болжам бойынша, өрт сымның тұйықталуынан болған. Жүргізуші дер кезінде көлікті жолдың шетіне тоқтатып, адамдарды түсірген, кейін өрт сөндірушілерді шақырыпты.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт 20.45-те сөндірілген.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий